Categories Жайық news

Оралдағы Зачаган кентінде жолдар кезең-кезеңімен жаңартылуда

Батыс Қазақстан облысындағы Зачаган кентінде автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Қазіргі таңда «Коттедж» шағын ауданындағы ұзындығы 4,5 шақырым болатын бес көше толықтай жөнделіп, пайдалануға берілді. Жаңа жолдар жергілікті халықтың көптен күткен мәселесін шешіп, көлік қозғалысын жеңілдетті.

Ал «Балауса» шағын ауданында Д. Бабатайұлы және Қалменов көшелерінде құрылысшылардың жұмысы қызу жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары біткен соң кезек «Болашақ» шағын ауданына келеді. Мұнда да жолдардың сапасын арттыру жоспарда бар.

Жолдарды кезең-кезеңімен жаңарту – Зачаган кентінің инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі.

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…