Президент: Билік пен бизнес мәселелерді бірлесе шешуі керек

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттегі сот-құқықтық және экономикалық реформалардың маңызын атап, билік пен бизнес арасында сындарлы диалог қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты іс жүзінде жүзеге асып, инвестициялық дауларды шешуге қолайлы құқықтық және институционалдық орта қалыптасуда. Сот шешімдерінің 80 пайызына жуығы инвесторлардың пайдасына шығарылуда.

Осының бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іс жүзіндегі көрінісі екені күмәнсіз. Еліміз сот жүйесі және құқық қорғау саласындағы түбегейлі реформалармен қатар ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асырып жатыр. Мұның мемлекетіміз үшін маңызы айрықша. Іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында, соның ішінде инвестициялық дауларды шешу үшін қолайлы құқықтық институционалдық орта қалыптасуда. Соның арқасында сот шешімдерінің 80 пайызына жуығы инвесторлардың пайдасына шығарылып жатыр, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отандық және шетелдік инвесторлармен кездесулерде билік пен бизнес өкілдері ашық байланыс орнатуы керектігін айтты. Ол лауазымды тұлғаларға әр даулы жағдайда заңнамаға нұқсан келтірмей мәмілеге келуді тапсырды. Кассациялық соттарды құру бастамасы осындай жиындардың бірінде көтерілгенін еске салды.

Ұқсас жазбалар

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты.

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады. Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң елде мерзімінен бұрын…

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне 66 пәтер берілді

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық медиа өкілдеріне жаңа пәтер кілттері…