Categories Жайық news

Оралда өткен «Жайық жүйрігі – 2025»: бас жүлдеге – пәтер мен автокөлік

Орал қаласында қала күніне орай дәстүрлі «Жайық жүйрігі – 2025» ұлттық ат спорты чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шабандоздармен қатар, Ресейдің Орынбор, Татарстан, Челябинск және Башқұртстан аймақтарынан 100-ге жуық атбегі қатысты.

Бәйге төрт санат бойынша ұйымдастырылды: Ұлы аламан, Топ бәйге, Құнан бәйге және Ұшқыр бәйге.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жарыстың ашылуында Мемлекет басшысының ұлттық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын атап өтті.

Жүлде қоры — 45,5 млн теңге. Оның ішінде Ұлы аламанның бас жүлдесі – пәтер, ал Топ бәйгенің бас жүлдесі – автокөлік болды.

Жеңімпаздар:

  • Ұшқыр бәйге (1400 м): Күрішбек Дидарбек (Орал) – 2 млн тг
  • Ұшқыр бәйге (2000 м): Күрішбек Дидарбек, Нұр-Шатоя аты – 3 млн тг
  • Құнан бәйге (11 км): Жанболат Марден (Алматы облысы), Шамшырақ аты – 2 млн тг
  • Топ бәйге (16 км): Исламнұр Ертөс (Алматы), Тобылғы торы аты – автокөлік
  • Ұлы аламан (31 км): Жанболат Марден (Қарағанды облысы) – пәтер

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…