Categories Жайық news

Қарағандыдағы дәмханада газ баллоны жарылды: Зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағандыдағы тез тамақтану дәмханаларының бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін, 22 қаңтарда, Ермеков көшесінде орналасқан жеке тұрған тез тамақтану киоскісінде болған. Ғимарат ішінде сыйымдылығы 17 литр болатын газ баллоны жарылып, артынша 30 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

«Құтқарушылар киоскіден сыйымдылығы 27 литр болатын тағы екі газ баллонын алып шықты. Зардап шеккен төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр деп бағаланды. Тағы бір науқас орташа деңгейдегі ауыр жағдайда күйік шалғандарды емдейтін комбустиология бөлімшесіне жатқызылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…

Оралда «Aqjaiyq Tourism Fest» фестивалінде ұлттық спорт лигасы қорытындыланды

Оралда «Aqjaiyq Tourism Fest» фестивалі өтіп, ұлттық спорт лигасы қорытындыланды. Фестивальде облыс аудандары туристік әлеуетін…

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.