Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Сурет: kazhydromet.kz

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық болады. Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс пен орталықта ыстық күшейіп, ауа 40-41 градусқа дейін жетеді. Батыс өңірлерде температура 22-33 градус шамасында болады.

Ұқсас жазбалар

Президент Қазақстан халқын Жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасап, халықты құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тоқаев германиялық бизнесті Қазақстан нарығына белсендірек қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды…