Categories Саясат

Мәжіліс депутаты кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды

Сурет: Ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев еліміздегі кәсіби мерекелер тізімін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, қазір елде 74 кәсіби мереке бар. Оның шамамен 20 пайызы нақты мамандықтарға емес, жекелеген мемлекеттік органдар мен ведомстволарға арналған.

«Біз еңбек адамын дәріптегіміз келеді, алайда іс жүзінде белгілі бір ведомствоның құрылған күнін атап өтеміз. Тіпті журналистердің өздері кәсіби мерекенің нақты қай күні екенін жиі өзгергендіктен ұмытып қалған», деді депутат.

Сондай-ақ ол кәсіби мерекелердің жыл бойына біркелкі бөлінбегеніне назар аударды. Қазан айында 15 кәсіби мереке бар, яғни шамамен әр екі күн сайын бір мереке аталып өтеді. Мысалы, білім саласы қызметкерлеріне бірден үш мереке арналған: Жоғары білім беру қызметкерлері күні, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні және Мұғалімдер күні. Алайда халық арасында кеңінен танылғаны – тек Мұғалімдер күні. Осыған байланысты білім саласының жақын бағыттарындағы қызметкерлер үшін тағы екі бөлек мерекенің болуы артық көрінеді әрі саланың негізгі кәсіби мерекесінің маңызын төмендетеді.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және…

Амнистия-2026: миллионнан астам айыппұл кешіріледі, бірақ қауіпті қылмыскерлер босатылмайды

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституцияға байланысты амнистияны қолдану тәртібін түсіндірді.

Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті

Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынға сегіз мемлекеттің әскери…