Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытына серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.
Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында өтетін ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті, — делінген хабарламада.

