Categories Жайық news

Түркістандағы сұмдық оқиға: Әкесін азаптап өлтірген ұлының әйеліне қатысты іс тоқтатылды

Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз соққыға жығып, өліміне себепкер болған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындаса, оның жұбайына қатысты қылмыстық іс дәлелдің жоқтығынан тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жетісай аудандық сотында өткен отырыста қарияның ұлынан таяқ жеген сәттері түсірілген видеожазба көрсетілді. Кадрлардан айыпталушының әйелін де байқауға болады.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы марқұмның қалай азапталғанын айғақтайды. Оның мұрны мен бірнеше қабырғасы сынған, денесінде көптеген жарақат ізі болған.

Бүгінгі сот процесінде айыпталушының жұбайына қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

Айта кетерлігі, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін.

«Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Садақбаев өз кінәсін толық мойындады», – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.