Categories Жайық news

Оралдағы шұжық цехында 40 жастағы жұмысшыны станок қысып мерт қылды

Оралдағы шұжық цехтарының бірінде 40 жастағы жұмысшыны станок қысып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында болған. Алған ауыр жарақаттарынан ер адам сол жерде қайтыс болды.

БҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті бұл деректі растап, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта арнайы тексеру жүргізілуде.

Өз кезегінде БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…