Categories Жайық news

Тоқаев десантшы генералға жаңа қызмет берді: Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігінде жаңа кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл лауазымға бұған дейін Десанттық-шабуылдау әскерлерін басқарған Алмаз Жұмакеев келді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Жеңісұлы Жұмакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», – делінген Ақорданың ресми сайтында.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Алмаз Жұмакеев министрдің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Алмаз Жұмакеев 1970 жылы 6 наурызда Ыстықкөл облысының Пржевальск қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін тәмамдаған.

Еңбек жолын десанттық-шабуылдау әскерлерінде бастап, взвод командирінен әскери бөлім командиріне дейінгі лауазымдарды атқарды. Әскери басқару органдарында қызмет етіп, Бас штабтың Жауынгерлік даярлық департаментін басқарды, сондай-ақ Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болды.

2022 жылдың наурыз айынан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қолбасшылық етті.

II дәрежелі «Айбын» және I, II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…