Categories Жайық news

Қарулы Күштер Бас штабының бастығы ауысты: Бұл қызметке 48 жастағы генерал келді

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Осылайша, бұл лауазымды атқарып келген Сұлтан Камалетдинов қызметінен босатылды.

48 жастағы Қаныш Әбубәкіров – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы мен Ұлттық қорғаныс университетінің түлегі. Ол өзінің әскери қызметін десанттық-шабуылдау батальонындағы барлау ротасының барлау тобы командирі болып бастаған.

Кейін 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі, 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары – штаб бастығы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Аэромобильді әскерлер қолбасшысының орынбасары, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін, яғни 2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: gov.kz

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…