Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: 26-28 мамырда не күтіп тұр?

Сурет: Ашық дереккөз

Алдағы үш күнде еліміздің ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» мамандары 26-28 мамыр аралығында қатты жаңбыр, найзағай мен екпінді жел болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

«Ауа температурасы да төмендейді. Солтүстік және орталық аймақтарда түнгі уақытта 5-10 градус жылы, ал күндіз 15-20 градус жылы болады», — дейді «Қазгидромет» мамандары.

Оңтүстік өңірлерде де жаңбырлы ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, дауыл кезінде ашық жерде жүрмеуге кеңес береді.

Батыс Қазақстан облысында да ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде. Жайық өңірінде 27-28 мамырда жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…