Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам қайтыс болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада көліктегі газ баллонының жарылуынан зардап шеккен адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде автокөлікте газ баллоны жарылған еді. Жарылыстан кейін көлік толықтай өртеніп, маңындағы бірнеше автокөлікке де зақым келді.

Зардап шеккендердің бірі денесінің 90–95 пайызы күйіп, №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Президент: Құрылтайдың басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құруға атсалысу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамалары мен…

Тоқаев: Құрылтай парламенттік мәдениетті дамытуға мән беруі тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қос палата комитеттерінің белсенді жұмысын атап өтіп,…

Мемлекет басшысы Конго Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентін ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың дами…