Categories Саясат

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Талғат Адамбеков «Таза Қазақстан» бастамасын жалпыұлттық қозғалысқа айналдыруды ұсынды. Бұл туралы ол Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, экологиялық акциялардың нәтижелі болуы үшін оны жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Қазіргі кезде «Таза Қазақстан» тек маусымдық іс-шаралармен шектеліп отыр.

«Бізге бұл бастаманы тұрақты әрі жалпыұлттық деңгейге көтеретін қозғалыс құру керек. Ол тек тазалық емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді», – деді Адамбеков.

Сонымен қатар депутат қозғалыс аясында өңірлерде экологиялық патрульдер құруды, қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай шаралар халықтың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтеді.

Үкімет басшысы депутаттың ұсынысын назарға алып, тиісті министрліктерге тапсырма берген. Енді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысының тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады.

Қазақстан мен Еуропалық прокуратура өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

Бас Прокурор Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барып, Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті. Келіссөздер…

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…