Categories Спорт

Нойер бесінші рет әлем чемпионатына барады: Германия құрамасының тізімі жарияланды

Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың түпкілікті тізімін жариялады. Оның қатарында 36 жастағы қақпашы Мануэль Нойер де бар. Бұл оның бесінші әлем біріншілігі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нойер «Бавария» сапында осы маусымда да жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Ол 2014 жылы Германия құрамасымен әлем чемпионы атанған болатын.

«Мануэль – біздің сенімді тірегіміз. Оның тәжірибесі команда үшін өте маңызды», – деді Флик тізімді жариялау барысында.

Германия құрамасы Катарда өтетін әлем чемпионатында E тобынан орын алған. Олардың қарсыластары – Жапония, Испания және Коста-Рика.

Ұқсас жазбалар

Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі: қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы 135 жылдық тарихы бар «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Қазақстандық теннисшілер арасында…

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.