Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

Сурет: istockphoto.com

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны ұстады. Тергеу дерегінше, ер адамдар бірге ішімдік ішіп, кейін жанжалдасқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті жәбірленушіге өлімге әкелген жарақаттар салған. Ол мәйітті тағамдық пленкамен орап, басқа жерге апаруды жоспарлаған, бірақ мәйіт табылған соң бірнеше сағат ішінде ұсталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

«Қазгидромет» мәліметінше, 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық және шығыс…

Тоқаев ЕАЭО және Оманмен келісімдерге қатысты заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңды бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Тоқаев Канада Генерал-губернаторын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына кірісуімен құттықтады.