Categories Әлем

Лавров: Каспий – бейбітшілік аймағы, АҚШ пен Израильдің соққысына жол берілмейді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Ол АҚШ пен Израильдің ықтимал соққысы Каспий аймағына қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы керек. Ол сыртқы күштердің аймаққа араласуына жол берілмейтінін жеткізді.

«Каспий – тек жағалаудағы мемлекеттердің ортақ мұрасы. Біз бұл аймақты шиеленіс пен қақтығыс алаңына айналдыруға жол бермейміз», – деді Лавров.

Министр АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері Каспий маңындағы тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескертті. Бұл мәлімдеме аймақтағы геосаяси жағдайдың ушығуы аясында айтылды.

Ұқсас жазбалар

Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандық не істеді?

Сыртқы істер министрлігі Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады.

АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза тағайындауы мүмкін

АҚШ Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроға сырттай айып тақты. Ол америкалық азаматтарды өлтіру…

Алтын Орда мұрасы: әлем ғалымдары Астанада ортақ Қарар қабылдады

Астанада өткен халықаралық симпозиумда әлем ғалымдары Алтын Орда мұрасын зерттеу жөнінде ортақ Қарар қабылдады.