Categories Жайық news

Тоқаев Вашингтондағы қазақстандықтармен кездесіп, жастарға маңызды үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Америка Құрама Штаттарында тұрып, білім алып жатқан отандастарымызбен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Еркін форматта өткен әңгімелесу барысында Президент өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілетін шыңдауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне ерекше назар аударды.

Кездесуге жиналған студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды  

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға…