Categories Әлем

Қазақстандық ғалым ғылымға жаңа бактерия түрін енгізді

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

PhD Серік Бакиев пен әріптестері бұрын белгісіз болған жаңа бактерия түрін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламаларының жетекшісі Серік Бакиевтің зерттеулері су экожүйелерінің биоалуантүрлілігін сақтау, аквакультураны дамыту, антибиотиктерге төзімді бактерияларды зерттеу және молекулалық генетика бағыттарын қамтиды.

Ғалым студент кезінен бастап Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық қорын зерттеу жобаларына қатысқан. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторантурада оқып, бактериофаг эндолизиндері арқылы балықтардың бактериялық патогендерін залалсыздандыру тәсілдерін зерттеген.

2025 жылы Серік Бакиев қазақстандық ғалымдар тобымен бірге ғылымға жаңа Aeromonas oralensis бактериясын енгізді. Сондай-ақ ғылым мен технология саласындағы жетістіктері үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен марапатталды.

«Ғылыми зерттеулеріміз су экожүйелерінің қауіпсіздігін арттыруға, аквакультура саласын дамытуға және микробиологиялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Ғылым нәтижелерінің нақты өндіріске енгізілуі біз үшін маңызды көрсеткіш саналады», – делінген ғалым туралы жарияланған мәліметте.

Зерттеушінің 59 ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін халықаралық журналдардағы мақалалар, монографиялар, патенттер мен практикалық ұсынымдар қамтылған.

Ғалымның жетекшілігімен табиғи және жер асты суларының микробиомын зерттеу, эндофитті бактерияларды бөліп алу және антибиотиктерге төзімділіктің таралуын бағалау бағытындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…