Categories Әлем

Иранда 200 мың литр контрабандалық жанармай тасыған бес кеме ұсталды

Иранның шекара қызметі Парсы шығанағында контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кемені ұстады. Оларда 200 мың литрге жуық жанармай болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ирандық күш құрылымдарының мәліметінше, кемелер жанармайды заңсыз әкетуге әрекеттенген. Ұсталған кемелер мен жүк тәркіленіп, 11 адам ұсталды.

«Контрабандашылар жанармайды көрші елдерге сатуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Иран шекара қызметінің өкілі.

Бұл Ирандағы жанармай контрабандасына қарсы кезекті ірі операция. Елде жанармай бағасының төмендігіне байланысты контрабанда жиі кездеседі.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…