Categories Әлем

Қазақстандық ғалымдар экологиялық қауіпті алдын ала болжайтын станция жасап шығарды

Астанада өткен RES 2026 жаһандық саммитінде Satbayev University ғалымдары мен «ECOTEC Engineering» компаниясы экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжайтын станцияны таныстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл станция ауа, су және топырақтың ластану деңгейін нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді талдайды. Жүйе қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

«Біздің әзірлеме экологиялық апаттарды болдырмауға мүмкіндік береді. Станция деректерді жинап, оларды жасанды интеллект арқылы өңдейді», — деді жоба жетекшісі, Satbayev University профессоры Нұрлан Серікқалиев.

Құрылғыны өндіріске енгізу жоспарлануда. Алғашқы үлгілер Батыс Қазақстан облысында сынақтан өтеді.

Ұқсас жазбалар

АҚШ пен Иран 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін

Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады.

Мәскеудегі мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылына ұшырады

18 маусымға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысы қақтығыс басталғалы бергі ең ауқымды ұшқышсыз ұшу…

АҚШ-та ұсталған қазақстандық кепілмен босатылды

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді.