Categories Қаржы

Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қаскөйлер азаматтарға телефон шалып, өздерін емхана немесе медициналық орталық қызметкері ретінде таныстырады. Олар қабылдауға жазылуға немесе кезекке тұруға көмектесетінін айтып, сенімге кіруге тырысады.

Жазылуды «растау» үшін алаяқтар SMS арқылы келген кодты айтып беруді сұрайды. Абай облысының полициясы мұндай кодтар жеке кабинеттерге, банк сервистеріне және азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін екенін ескертті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері ешқашан құпия кодтарды сұрамайды. Сондықтан осындай қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтату ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге тамызда мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге 2026 жылғы тамыздан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге…

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.