Categories Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан рет қирағанымен қайта қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бекініс аумағында Бұхара мемлекеттік музей-қорығы орналасқан.

🟦Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.

🟦Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.

🟦Бұхара ғасырлар бойы Орталық Азиядағы негізгі рухани ілім орталықтарының бірі болғаны белгілі.

🟦Жергілікті медреселерде қазақтың Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұржан Наушабаев, Шортанбай Қанайұлы және басқа да көрнекті қайраткерлері білім нәрімен сусындаған. Олардың есімдері екі ел тарихына ортақ.

🟦Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музей-құжырасы таныстырылды. Президенттер Бұхарада оқыған қазақ зиялылары туралы көрмені аралап көрді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Үкімет газ саласын дамыту мәселесін қарастырады

Бүгін Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі талқыланады. Отырыстан кейін баспасөз мәслихаты өтеді.

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады. Жаслан Мәдиев ХЭО Бас хатшысымен кездесіп, келісімге қол қойды.

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.