Categories Қаржы

Энергетиктерге жеңілдетілген ипотека: баспана мәселесі шешіледі

Энергетика саласының қызметкерлері жеңілдетілген ипотека алатын болды. Бұл — «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында кадр тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шара, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба бойынша энергетика кәсіпорындарының мамандарына пәтер алу үшін жеңілдікпен несие беру көзделген. Бұл шара саладағы кадр тапшылығын азайтуға және жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етпек.

«Біздің мақсат — энергетиктердің өңірде тұрақтап қалуына жағдай жасау. Ипотекалық бағдарлама осыған көмектеседі», — деді сала министрлігінің өкілі.

Батыс Қазақстанда да мұндай бағдарламаларға сұраныс жоғары. Өйткені мұнай-газ және энергетика саласында қызмет ететіндер көп. Енді олар да арзан несие арқылы баспаналы болуға мүмкіндік алады.

Жеңілдетілген ипотеканың нақты шарттары мен талаптары әзірленуде. Алдағы уақытта бұл туралы толық ақпарат жарияланады.

Ұқсас жазбалар

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми…

Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін…

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…