Астанада мектеп бітіру кеші 18 маусымда өтеді

Сурет: Ерлан Омар/ Egemen.kz

Астанада 18 маусымда жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. Қала әкімдігі ата-аналар мен түлектерге мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ескерту түлектердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әкімдік хабарламасында мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, дәмханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге, автокортеж ұйымдастыруға, таңды қарсы алу шараларын өткізуге, сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға жол берілмейтіні айтылған.

Сонымен қатар аттестат тапсыру рәсімін ұйымдастыру мен өткізу кезінде ата-аналарға, заңды өкілдерге немесе оқушыларға ақша, сыйлық, түрлі жарналар мен өзге де материалдық заттар жинауға қатаң тыйым салынады.

Әкімдік хабарламасында мектеп бітіру кешінің басты құндылығы қымбат мейрамхана мен мерекелік дастарқан емес, ұстаздарға алғыс білдіру, мектеппен қоштасу, сыныптастармен ерекше естеліктерді бөлісу және болашаққа сеніммен қадам басу екені атап өтілген. Ата-аналар мен түлектерді осы айтулы күнді жоғары мәдени деңгейде өткізуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өзара жауапкершілік танытуға шақырады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі көптеген мерекенің «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналып кеткенін айтқан еді.

Ұқсас жазбалар

Аида Балаева бірқатар журналиске мемлекеттік наградалар табыстады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ…

Курьер әйелдің отбасы ұсынылған көмектен бас тартқан

Курьер әйелдің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіп, ұсынылған көмектен бас тартқан. Вице-министр Ербол Тұяқбаев дербес деректер…

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

Венесуэланың солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 164 адамға жетті, ал жараланғандардың қатары…