Астанадағы Кіші Талдыкөлде экопарк құрылысы биыл басталады

Астанадағы Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салу жобасы биыл қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа экопарк қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналмақ. Жоба аясында көлдің жағалауы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары, веложолдар және демалыс аймақтары салынады.

«Біз Кіші Талдыкөлдің экожүйесін сақтай отырып, заманауи инфрақұрылым жасауды жоспарлап отырмыз. Бұл – тұрғындардың табиғатпен үйлесімді ортада демалуына мүмкіндік береді», – деді Ерсін Өтебаев.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталып, бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Алғашқы кезеңде көлді тазарту және жағалауды нығайту жұмыстары атқарылады. Қалған инфрақұрылымдық нысандар келесі жылдары салынбақ.

Ұқсас жазбалар

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Оқу-ағарту…

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.