Categories Жайық news

Тоқаев: Ұлт болашағы айқындалатын шешуші сәтте тұрмыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумы елдің тағдыры мен ұлттың болашағы айқындалатын шешуші сәтте өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент былтырғы Жолдауында ұсынылған саяси жаңғыру бастамалары қоғамда кеңінен талқыланып, халықтың қолдауына ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жарты жылда конституциялық реформаға қатысты қызу пікірталас жүрген.

«Мен былтырғы Жолдауымда алдағы саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарымды айттым. Бұл бастамалар қоғамның кең қолдауына ие болды, оны бүкіл ел болып талқыладық. Партиялардан, депутаттар мен сарапшылардан, заңгерлер мен қоғам белсенділерінен мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Онда мемлекеттің институционалдық негіздерін өзгертуден бастап, Ата Заңның мәтінін редакциялауға дейін, өте көп мәселе қамтылды», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың белсенділігін ескере отырып, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында бірқатар жаңа бастама көтергенін еске салды.

«Оның бәрі бүкіл мемлекетті басқару жүйесін тиімді, орнықты әрі теңгерімді етуді көздейді. Барша әлем өзгеріп, заман бұлыңғыр болып тұрған қазіргі алмағайып кезеңде, бұл – өте маңызды мәселе», — деп түйіндеді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…