Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Ол АҚШ пен Израильдің ықтимал соққысы Каспий аймағына қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лавровтың айтуынша, Каспий теңізі бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы керек. Ол сыртқы күштердің аймаққа араласуына жол берілмейтінін жеткізді.
«Каспий – тек жағалаудағы мемлекеттердің ортақ мұрасы. Біз бұл аймақты шиеленіс пен қақтығыс алаңына айналдыруға жол бермейміз», – деді Лавров.
Министр АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері Каспий маңындағы тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескертті. Бұл мәлімдеме аймақтағы геосаяси жағдайдың ушығуы аясында айтылды.

