Categories Жайық news

Миллиардтаған теңге жымқырылған: Президентке қаржы пирамидалары мен субсидиялар туралы есеп берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, елдегі алаяқтық пен бюджет қаражатын жымқыруға қатысты есебін тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жанат Элимановтың айтуынша, тек мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану қаупі анықталған. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерге бағытталған 10 миллиардтан астам теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды.

Ведомство басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы ақшаны жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді. Ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемдену фактісі бойынша 21 қылмыстық іс қозғалған.

Агенттік алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша да ауқымды жұмыс атқарған. Элимановтың есебіне сәйкес, елде 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

«Банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленді. Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт пен 22 топтық чат бұғатталды», – деді агенттік төрағасы.

Қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыруға қарсы күрес те назардан тыс қалмаған. Заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 тергеу басталды, олардың есепшотындағы қаржы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан. Нәтижесінде «көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталды.

Сонымен қатар, қаржылық пирамидалар мен онлайн-казинодан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау орталығының қызметіне тосқауыл қойылды. Заңсыз онлайн сервистерге кіруге мүмкіндік беретін 483 сілтеме жойылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттіктің жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…