Астанадағы Орталық саябақта балалар мінген аттракцион құлап кетті. Кабина ішіндегі балалармен бірге жерге түскен.
Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді. Олардың айтуынша, аттракцион техникалық ақау салдарынан істен шыққан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Аттракционға жоспарлы тексеру жүргізілген болатын, бірақ кенеттен бір бөлшек үзіліп кетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді саябақ әкімшілігінің өкілі.
Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Қала әкімдігі барлық аттракциондарды қосымша тексеруден өткізуді тапсырды. Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

