Categories Көңіл ашар

5-сынып оқушысы Сингапурдағы робототехника чемпионатында 2-орын алды

Оралдың 5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол Сингапурда өткен FIRST LEGO League халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс 2026 жылдың наурыз айында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген жас инженер қатысты. Аманжол өз тобымен бірге күрделі робот құрастырып, бағдарламалау мен инженерлік дизайн бойынша жоғары баға алды.

«Бұл менің алғашқы халықаралық додам еді. Қатты қуаныштымын. Еліміздің атын шығарғаныма ризамын», — дейді жас дарын.

Турман Аманжол — облыстық және республикалық робототехника жарыстарының жүлдегері. Ол болашақта инженер-робототехник болуды армандайды. Қазіргі таңда ол жаңа жобаларды дайындап, келесі чемпионаттарға дайындалып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Аида Балаева: «Мектептегі смарт-класстар – болашақ, бірақ асықпау керек»

Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева Астанадағы мектепте ашылған TopIQ Smart Class зертханасымен танысып, білім беруде жасанды…

Астаналық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехника чемпионатында топ жарды

Астаналық оқушылар Ұлыбританияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеңіске жетті.

Астаналық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехника чемпионатын жеңіп алды

Астаналық оқушылар Ұлыбританиядағы UK First Lego League Championship-те «Жұлдызды дизайн» номинациясын жеңіп алды.