Вашингтонда журналистерге арналған кешкі ас кезінде атыс болды. АҚШ президенті Дональд Трампты қауіпсіз жерге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше кешке, АҚШ астанасындағы беделді мейрамханалардың бірінде өткен шарада болды. Кенеттен атыс дауысы естіліп, кешке жиналғандар дүрлігіп кетті. Қауіпсіздік қызметі дереу әрекет етіп, президентті алып кетті.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, атыстан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Атыс жасаған күдіктіні іздеу шаралары жүргізілуде.

