Тоқаев креативті индустрия қорының кеңсесін аралап, жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесіне барып, қордың жұмысымен танысты. Бұл қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық креативті секторды қолдау үшін құрылған негізгі институт, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент қордың қазіргі жобалары мен болашақ жоспарлары туралы баяндама тыңдады. Кеңседе креативті индустрия өкілдерімен кездесіп, олардың бастамаларын қолдау мәселелерін талқылады.

Қордың негізгі мақсаты – шығармашыл адамдарға қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қаржылай және инфрақұрылымдық көмек қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында экологиялық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтерді.

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жаңа идеологияның өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын елдің жаңа идеологиясының негізі деп атады.

Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер көбейді: Президент не деді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаңғыбас иттер мәселесін көтеріп, балалар мен ересектердің қауіпсіздігіне…