Categories Жайық news

Тоқаев Еңбек министрін ауыстырды: Жаңа басшы Асқарбек Ертаев туралы не белгілі?

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген ресми құжатта.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «НҰР» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметке 2014 жылы келген. Әр жылдары Экономика министрлігінде, Президент әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінде және Үкімет аппаратында қызмет еткен.

2023 жылы Еңбек министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып, ал 2024 жылдың тамызында осы министрліктің вице-министрі қызметіне тағайындалған еді.

Ол бұл қызметте 2023 жылдың қыркүйегінен бері ведомствоны басқарып келген Светлана Жақыпованы алмастырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.