Categories Спорт

Александр Винокуровтың киімі Лозаннадағы Олимпиада мұражайына табысталды

Сурет: Kazinform

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық киімі алғаш рет Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада мұражайының коллекциясына қосылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Винокуровтың формасы музейдің тұрақты коллекциясына енді. Мұнда Олимпиада ойындарының тарихы мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың жетістіктеріне арналған жәдігерлер сақталған.

Іс-шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ұйымдастырған «Көпірлер салу: инновациялар мен шығармашылық — болашақ қоғамның қозғаушы күші» тақырыбындағы бейресми министрлік саяси диалогы аясында өтті. Қатысушылар спорттың, инновациялардың, шығармашылықтың және халықаралық ынтымақтастықтың елдер арасындағы байланысты нығайтудағы, адам әлеуетін ашудағы және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Қазақстан атынан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, сондай-ақ олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.

Олимпиада чемпионы спорт адамның мүмкіндігінің шегінен асуға үйрететінін, ал жеңіс ешқашан бір адамның еңбегінің нәтижесі болмайтынын айтты. Оның сөзінше, әрбір жетістіктің артында команда, білім, технология, еңбек және сенім тұрады. Сондай-ақ ол Қазақстанның адам әлеуетін, білім мен инновацияны дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігінің мәліметінше, олимпиада чемпионының спорттық формасының Халықаралық Олимпиада музейінің коллекциясына енгізілуі отандық спорт үшін маңызды оқиға болды. Өкілдік бұл қадам қазақстандық спортшылардың жетістіктері мен олардың әлемдік олимпиадалық қозғалыс тарихына қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсететінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Португалия құрамасының бапкері Испаниядан жеңілген соң қызметінен кетті

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Испаниядан жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеді.

ӘЧ-2026: Испания Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Мериноның соңғы минутта соққан голы Испанияны ширек финалға шығарды

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.