Сурет: Egemen Qazaqstan
Конго Демократиялық Республикасында зертханалық расталған Эбола безгегімен ауыратындар саны бір тәулікте 42 адамға көбейіп, 1502-ге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Эболадан қайтыс болғандар саны 473 адамды құрайды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 26 адамға артық. Аурудан өлім-жітім көрсеткіші 31,4 пайызға жетті.
Қазір ауруханалар мен оқшаулау бөлімдерінде 628 науқас ем алуда. 213 адам толық сауығып шықты. Науқастармен байланыста болған адамдарды бақылау көрсеткіші 81,8 пайызды құрайды. Эбола жұқтырғандармен байланыста болған 11 360 адам медициналық бақылауға алынды.
Эбола безгегінің қазіргі өршуі 15 мамырда Конго Демократиялық Республикасының шығысында және Угандада басталды. Ауру ошағы Конгоның Итури провинциясында орналасқан.

