Сурет: Egemen Qazaqstan
Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон футболдан әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды. 29 жастағы ойыншы 519 минут бойы өз қақпасына доп өткізбей, бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейінгі үздік көрсеткіш италиялық Вальтер Дзенгаға тиесілі еді. Ол 1990 жылғы әлем чемпионатында 517 минут қақпасын голдан сақтаған.
Испания құрамасы келесі кездесуін Португалияға қарсы өткізеді. Унаи Симон рекордтық сериясын осы матчта жалғастыра алады.

