Сурет: Ашық дереккөз
Маусым айында инфляция 0,8%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, тәтті бұрыш 12,6%-ға, қызылша 7,8%-ға, жұмыртқа 3,8%-ға, банан 3,3%-ға, баялды 1,7%-ға, қара шай 1,1%-ға, бидай жармасы мен алма 0,8%-ға, шоколад пастасы 0,3%-ға арзандаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардан шаңсорғыш 7,2%-ға, үтік 5,4%-ға, медициналық бетперде 4,1%-ға, электр шәйнек 2,9%-ға, модемдер мен роутерлер 1,5%-ға, ноутбук 1,2%-ға, парацетамол 0,8%-ға, қол кремі 0,6%-ға төмендеген. Ақылы қызметтерде ыстық су тарифі 3,7%-ға, суық су тарифі 3,2%-ға кеміген.
Жылдық мәнде 2026 жылғы маусымда инфляция 10,3% болды. Өткен жылмен салыстырғанда қызылша 26,9%-ға, қызанақ 23,8%-ға, қияр 20,8%-ға, пияз 15,9%-ға, сарымсақ 11,9%-ға арзандаған. Автомобильдер 9,9%-ға, кондиционерлер 9,7%-ға төмендеген. Суық су тарифі 40,8%-ға кеміген, — делінген бюро мәліметінде.
Тұтыну бағалары индексі 537 позиция бойынша есептеледі. 2026 жылғы қаңтардан бастап азық-түлік үлесі 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құраған.

