Сурет: 24.kg
Бішкекте бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты «75 ісі» бойынша сот процесі жалғасуда. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар Тәшиевті 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушылар қатарында бұрынғы Бас прокурор Құрманқұл Зұлушев, экс-парламент төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулу және басқа да тұлғалар бар. Жергілікті БАҚ мәліметінше, прокурорлар барлық айыпталушыға 9 жылдан жаза тағайындауды сұраған.
Адвокат Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, сот отырысында Камчыбек Ташиев айыптаушыларға өзіне тағылған айыптан бас тартуды ұсынған. Қорғаушылар бұл бастаманы қолдағанымен, прокуратура өкілдері әзірге жауап бермеген.
Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер» және «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.
Қырғызстан медиасы бұл тергеуді «75 адамның хаты» деген оқиғамен байланыстырады. Ақпанда 75 азамат президент Садыр Жапаров пен парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлына ашық үндеу жолдап, елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап еткен. Осыдан кейін, 10 ақпанда Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты.

