Categories Әлем

Қазақстан балалар құқықтары бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына енді

Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Қазақстан KidsRights 2026 балалар құқықтары жөніндегі жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтап, әлемдегі балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету деңгейі жоғары үздік 25 мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Индексті KidsRights Foundation мен Erasmus University Rotterdam бірлесіп әзірлеген. Бағалау Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқықтары туралы конвенциясына қатысушы 194 мемлекетті қамтыды.

Рейтингте елдер балалардың өмір сүру деңгейі, денсаулық сақтау, білім беру, құқықтарының қорғалуы және қолайлы өмір сүру ортасы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланған.

2026 жылғы рейтингте Нидерланд 0,871 баллмен бірінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар елден жоғары нәтиже көрсетті.

Зерттеу авторларының айтуынша, KidsRights индексі балалар құқықтарының сақталуын бағалайтын негізгі халықаралық құралдардың бірі саналады. Ол мемлекеттердің осы саладағы саясатының тиімділігін саралап, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

KidsRights индексі алғаш рет 2013 жылы жарияланған. Содан бері ол үкіметтер мен халықаралық ұйымдар үшін балалардың жағдайын бағалауда және әлеуметтік саясатты жетілдіруде маңызды көрсеткіштердің біріне айналды.

Ұқсас жазбалар

Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті

Air Astana әуе компаниясының Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық ақау салдарынан сегіз сағаттан…

Қазақстан халықаралық Pax Silica альянсына ресми түрде қосылды

Қазақстан халықаралық Pax Silica технологиялық бастамасына ресми түрде қосылды. Еліміз Орталық Азиядағы аталған альянсқа кірген…

Германияда орман өртеніп, соғыстан қалған оқ-дәрілер жарылып жатыр

Германияның Рейнланд-Пфальц федералдық жерінде орман өрті шығып, Трайзен қауымдастығының 650-ден астам тұрғыны эвакуацияланды.