Сурет: Egemen Qazaqstan
Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауынша, Венесуэлада болған қуатты жер сілкінісінің салдары 6,7 миллионнан астам адамға әсер еткен. Олардың қатарында ел астанасы Каракаста тұратын 2 миллионға жуық тұрғын бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісі 24 маусым күні кешке тіркелді. Мамандар магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуін тіркеген. Одан кейін 200-ден астам афтершок болған.
Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асып, 3,2 мыңнан астам адам жарақат алған. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

