Сурет: jenisfk.kz
Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лория – клуб түлегі әрі «Жеңіс» сапында ел чемпионатын үш рет жеңіп алған. Елордалық футбол клубының мәліметінше, дәл осы Давид Григорийұлының тікелей қатысуымен 2021 жылы команданың қайта жаңғыруы басталған. Ол бұл лауазымда Айдын Қожахметті алмастырады, ал Қожахмет клуб құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады.
Бір жылдай бұрын «Жеңіс» футбол командасының 19 жастағы ойыншысы қайтыс болған еді.

