Сурет: Reuters
Швейцарияда АҚШ пен Иран арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің бірінші кезеңі аяқталды. Тараптар Катарға тиесілі Буэргеншток курортында кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Келіссөздер шиеленісті жағдайда өтті. Тегеран Ормұз бұғазын қайта жабу туралы мәлімдесе, АҚШ тарапы Иранға қарсы шабуылдарды қайта бастауға дайын екенін білдірді.
Медиатор елдер – Қатар мен Пәкістан таратқан бірлескен мәлімдемеге сәйкес, тараптар 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келу үшін жол картасын жасауға келісті.
Негізгі кезең аяқталғанымен, техникалық деңгейдегі талқылаулар апта бойы Буэргеншток курортында жалғасады.
Бұған дейін қос тарап 60 күндік өзара түсіністік меморандумына қол қойған еді. Пентагон бұғаздағы блокаданы алып тастаса, Иран Ормұздағы кемелерден алым алуды тоқтататынын мәлімдеген. Алайда Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан кейін Иран Ормұз бұғазын қайта жапты. Тараптар Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтату үшін Швейцарияда кездесті.

