Categories Спорт

«Оқжетпес» бас бапкері Ринат Алюетов ойыншылардың күн өтуіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Sports.kz

«Оқжетпес» командасының бас бапкері Ринат Алюетов «Тобыл»-мен өткен матчтан кейін ойыншылардың жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матч 2:1 есебімен аяқталып, Алюетов ойынды қызықты әрі тартысты деп бағалады. Алайда ауа райының ыстық болғанын, 33 градус температурада бірнеше ойыншыға күн өткенін айтты. «Бәріміз де әбден терледік», — деді ол баспасөз мәслихатында.

«Оқжетпес» сапынан Жансұлтан Мұхаметханов 48 және 63-минуттарда дубль жасаса, «Тобыл» атынан жалғыз голды Марко Вукчевич 10-минутта соқты. 38-минутта «Тобыл» ойыншысы Пап-Альюн Ндиайе екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ұқсас жазбалар

Кабо-Верде мен Уругвай арасындағы матч тең аяқталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Кабо-Верде мен Уругвай құрамалары тең түсті.

Виктор Друзин мен Наргиза Болатова Канададағы әлем Кубогында қола алды

Канададағы әлем Кубогының суперфиналында қазақстандық жұп қола медаль алды.

Футболдан ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобында Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтты.