Сурет: championat.com
Аргентинаның Неукен провинциясындағы Кутраль-Ко қаласында сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсіннің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Биіктігі 26 метр болатын монументті жергілікті мүсінші Альдо Бероиса жасаған. Бұл қазіргі уақытта аргентиналық футболшыға арналған ең үлкен ескерткіш ретінде тіркелді.
Жаңа мүсін Мессидің Үндістандағы 21 метрлік ескерткішінен асып түсті. Ескерткіштің ашылуы әлем чемпионаты кезеңіне сәйкес келді.
Месси Алжирге қарсы матчта хет-трик жасап, әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мирослав Клоземен теңесті. Екі футболшының да 16 голы бар.

