Categories Спорт

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат пайда болды

Сурет: sports.kz

Әлеуметтік желіде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жайында журналист Елдар Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кетті», деп жазды.

Талғат Байсуфинов соңғы жылдары отандық футболдағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі. Ол бірнеше рет ұлттық құраманы жаттықтырып, Қазақстан Премьер-лигасының бірқатар клубтарын басқарған.

Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып 2026 жылдың 28 қаңтарында тағайындалған. Оның жетекшілігімен команда төрт матч өткізіп, екі жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, бір матчта жеңіліс тапқан.

Соңғы кездесу 9 маусымда өткен жолдастық матч болды, онда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Венгрияға 3:1 есебімен жол берді.

Қазақстан футбол федерациясы ақпараттың нақтыланбағанын және жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасалатынын айтты. ҚФФ медиа-офицері Мұратбек Биманов: «Қазір нақты ештеңе айта алмаймын… Интернетте тараған ақпарат қой… Федерация ертең ресми мәлімдеме жасайды», деді.

Еске сала кетейік, 8 маусымда ҚФФ Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Ұқсас жазбалар

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Беларусь…

Талғат Байсуфиновтың қызметтен кетуі: ҚФФ ресми мәлімдеме жасайды

Әлеуметтік желіде ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жайында…

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев…