Categories Спорт

Талғат Байсуфиновтың қызметтен кетуі: ҚФФ ресми мәлімдеме жасайды

Сурет: sports.kz

Әлеуметтік желіде ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жайында журналист Елдар Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кетті», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Байсуфинов соңғы жылдары отандық футболдағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі. Ол бірнеше рет ұлттық құраманы жаттықтырып, Қазақстан Премьер-лигасының бірқатар клубтарын басқарған. Бас бапкер лауазымына 2026 жылдың 28 қаңтарында тағайындалған. Оның жетекшілігімен команда төрт матч өткізіп, екі жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, бір матчта жеңіліс тапты.

Соңғы кездесу 9 маусымда өтті. Жолдастық матчта Қазақстан құрамасы сырт алаңда Венгрияға 3:1 есебімен жол берді.

Қазақстан футбол федерациясы ақпараттың нақтыланбағанын, жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасалатынын айтты. «Қазір нақты ештеңе айта алмаймын… Интернетте тараған ақпарат қой… Федерация ертең ресми мәлімдеме жасайды», – деді ҚФФ медиа-офицері Мұратбек Биманов.

8 маусымда ҚФФ Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық спортшылар демалыс күндері халықаралық аренада 19 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар олимпиадалық спорт түрлері бойынша ірі халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, өткен демалыс күндері…

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Беларусь…

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желіде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады.