Сурет: Астана әкімдігі
Астанада орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жөндеу жоспарланған. Осыған орай 20-21 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Көліктер екі бағытта да жолдың бір жағымен жүреді.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.

