Categories Әлем

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: 21 маусымдағы матчтар кестесі

Сурет: Egemen Qazaqstan

20 маусымнан 21-не ауған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші тур ойындары өтеді. Германия мен Испания сияқты мықты командалар бақ сынайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Таңғы сессияда Е және F топтарының кездесулері өтеді. Жексенбі күні кешке Н тобында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі.

21 маусымдағы матчтардың Қазақстан уақыты бойынша кестесі:

  • 01:00. Германия — Кот-д’Ивуар. Е тобы, «Бимо Филд» стадионы, Торонто (Канада)
  • 05:00. Эквадор — Кюрасао. Е тобы, «Эрроухед» стадионы, Канзас-Сити (АҚШ)
  • 09:00. Тунис — Жапония. F тобы, «Би-Би-Ви-Эй» стадионы, Гуадалупе (Мексика)
  • 21:00. Испания — Сауд Арабиясы. Н тобы, «Мерседес-Бенц» стадионы, Атланта (АҚШ)

Барлық матчтарды Qazsport республикалық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Әлем чемпионатының толық кестесін біздің материалдан көруге болады.

Ұқсас жазбалар

Мысырда 2500 жылдық көне ғибадатхана қалдықтары табылды

Мысырдағы Бахария оазисінде археологтар шамамен 2500 жыл бұрын салынған ежелгі ғибадатхана кешенінің қалдықтарын анықтады.

Үндістанда әйел бес айда үш рет тұрмысқа шыққан

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында бір әйел бес ай ішінде үш рет күйеуге тиген. Полиция бұл факті…

Екатеринбургте жүзге жуық жасөспірім дүкендерді тонаған

Екатеринбургте теміржол вокзалы маңындағы бірнеше дүкенді жүзге жуық жасөспірім тонап кетті. Олар 20 адамнан тұратын…