Categories Жайық news

Шымкентте 80 млн теңгеге алдап соққан әйел қолға түсті

Шымкент қаласында алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерге келген жалпы шығын 80 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, әйел танысының сеніміне кіріп, оның алтын зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Алайда кейін өз уәделерін орындамай, зергерлік бұйымдарды қайтарудан бас тартқан.

Екінші жағдайда күдікті шетелге турпакет ұйымдастырамын деп, бірнеше адамнан алдын ала төлем алып отырған. Бірақ уәде етілген сапарлар ұйымдастырылмаған.

«Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ол қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты басқа да жайттарды анықтап жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…